Екінші кезеңде белсенділік танытайық!

(0 Votes)

Биылғы халық санағының ерекшелігі электронды форматта өтуінде. 

Интернет сауалнамада 91 сұрақ бар. Респонденттер санақтан өтіп, өзі, отбасы мүшелері үшін санақ парақтарын толтырады. Sanaq.gv.kz сайты 24 сағат бойы жұмыс істейді. Екінші әдіс – дәстүрлі жаппай сауалнаманы 1-30 қазан аралығында интервьюрлер электронды планшеттерді пайдалана отырып жүргізуде. Егер өзге де сұрақтар болса, 1446 нөмірі арқылы хабарласып, нақты ақпарат алады.

1 қазаннан бастап халықты толық қамту мақсатында жаппай аралау кезеңі басталды. Интервьюердің міндетіне елімізідң қалалары мен ауылдарындағы үй шаруашылықтарын аралау кіреді. Қазіргі уақытта тұрғындардан неліктен санақшылардың қолданатын шарфысында 2020 жыл деп көрсетіліп тұрғаны туралы сауалдар келіп түсуде. Ескерте кететін жайт, әлемді жайлаған пандемияға байланысты «Халық санағын» 2020 жылдан 2021 жылға шегеру туралы шешім қабылданған болатын. Шара аясында үйлерді аралауға шығатын интервьюерлердің атрибутикасын қосымша шығын шығармай, қалдыру туралы шешім қабылданды.

30 қазанға дейін интервьюерлер өздеріне белгіленген санақ учаскесіне қарасты барлық тұрғын үй-жайларды аралауды жүзеге асыруда. Осы жерде айта кететін жайт, кейбір ауыл тұрғындары санақтан өткізуге келген қызметкерлерге дөрекілік көрсетіп, үйлеріне кіргізбей, өтіп жатқан науқаннан бейхабар екендіктерін танытуда. Санаққа қатыспаған не сұрақтарға жауап беруден бас тартқан адамдар жауапкершілікке тартылатынын аудандық статистика бөлімі тағы да ескертеді.

Аудан бойынша санақ персоналы ретінде 51 адам жұмысқа алынды. Олардың 9-ы нұсқаушы-бақылаушы, 42-сі интервьюер.

Халық санағы кезінде айтылған деректер басқаның қолына түсуі мүмкін бе деген сұрақ туындайды. Алғашқы статдеректер құпия түрде сақталады және оны мемлекеттік статистикалық органдар тек статистикалық мақсатында пайдаланады. Азаматтардан санақ кезінде алынған барлық ақпараттар Ұлттық статистика бюросының орталық серверіне жіберіледі. Барлық файлдар шифрланады.

Жалпы, санақ қорытындысы – халықтың саны мен жас құрылымын бағалайтын, әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтарының жағдайын сипаттайтын ақпарат. Ұлттық халық санағының нәтижелері бойынша алынған деректер экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты нақтылау үшін пайдаланылады.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521