«Egov» электронды түрде көрсетіледі

Рейтинг: 0 / 5

Мақаш ауылдық округінде тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жұмыс жасауды түсіндіру жүйелі түрде жүргізілуде.

Округке қарасты мекемелерде түсіндіру шаралары өткізіліп, хабарламалар ілінді. Ауыл тұрғындарына электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) беру бағытында көп жұмыстар атқарылды. Оны мобильді топқа өтініш беру және сенім хат арқылы алу жұмыстары әлі жалғасуда. Тұрғындар өзіне қажетті мемлекеттік қызметті ЭЦҚ арқылы округ әкімшілігінен алады. Ол үшін компьютер мен принтер бөлініп, арнайы бұрыш жасақталған.

Ағымдағы жылдың маусым айында округ тұрғындарына ЭЦҚ-мен қалай жұмыс жасау керектігін, порталдағы қызметтерді онлайн алу тәсілдерін үйрету бағытында ауыл тұрғындарына округіміздегі Ә.Сәрсенбаев атындағы орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі арқылы дәріс беріліп, электронды үкімет порталын пайдалану әдістерін үйрету бойынша оқыту семинары ұйымдастырылды. Округ бойынша оған 250 адам қатысып, дәріс алды.

Жыл басынан бері округ әкімі аппаратынан электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша, жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы, мекенжай, зейнетақы қоры, соттылығы болу-болмауы жөнінде, жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ екендігі жайында анықтамалар, баланы тіркеу, балабақшаға кезекке қою бойынша барлығы 112 қызмет көрсетілді. Мұндай қызмет алушыларға оны көрсетуден бас тарту, осы саладағы заңнаманың қарау мерзімдерінің бұзылу фактілері тіркелген жоқ. Округ әкімі аппараты тұрғындарды мемлекеттік қызметті ЭЦҚ арқылы электронды түрде алуға шақырады және өз жұмысын әрі қарай жалғастырады.

Т.Базарғалиева,

Мақаш ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика