Еділ Жайық арасы-ашылмаған жұмбақ

(0 Votes)

Туған жеріңе мақтаныш терең тамырлы тарихымен тікелей байланысты.

Осы орайда Еділ – Жайық қос өзен аралығын мекендеген Құрманғазы ауданының да үңіле қарап, тамсана таңырқайтын тұстары көп. Шарықтап шалқыған кезге, қасірет-қайғының құшағына еніп, құлдыраған заманға да куә болған. Ғасырлар өтіп, бізге жеткен ақындарымыздың жырларында келтірілген:

Бұл қоныс жеті жұрттан қалған қоныс,

Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс.

Қазтуған, Асан қайғы, Орақ, Мамай,

Біз түгіл осылардан қалған қоныс Жеті жұрт көшіп кеткен соң –дей келіп,

Атамыз қазақ баласы

Қоныс мекен еткен жер,- деген Мұрат Мөңкеұлы (1843 – 1906 ж.ж.) Біздің аймақта ежелден бері мекендеген халықтардан хабар бере, өткенімізді білуге жетелеген.

Сонау Сақтар (скифтер) дан бастау алған Гундар, Хазарлар, Түркілер, Орыстар, Қалмақтар тізбесі айғақтайды. Іргеміздегі Каспий теңізінің атауы да сол дәуірлердің жаршысындай хабар береді. Қара теңіз, Көк теңіз, Парсы теңізі, Гиркан болса, кейіннен Хвалинский, Хазар есімдерін иемденіп, Каспий болып тұрақталғаны атырапты қоныстанған халықпен тығыз байланысты.

1227жылғы Батый хан құрған Алтын Орда,оның ізбасары Ноғай Ордасы, Қазақ хандығының толысып тұрақтауына белсене араласқан. Бір текті, туысқан халықтар бірге жайлап, тағдыр тәлкегімен айырылысқаны да тарихтан мәлім.

Астрахань Кремлінің Батыс шетінде елеусіздеу болып ескі араб өрнегімен жазылған 5 құлпы жатыр. Олар сол аумыттағы жерленген адамдарға қойылған белгі, құрылыс кезінде бір жерге жинақтаған. Мүрделері қайда қалғаны белгісіз.

Осы орайда ауданның елім деп жүрген зерделі азаматтарыныңбасын қосып, туып өскен өлкеміз жөніндегі ел аузындағы деректерді жинастырып,айқындау жұмысын пәрменді жүргізуге, көзі қарақты, құлағы түрік, жады мықты азаматтарымен мәслихаттасуға шара белгілеген, ауданымыздың түлегі, қазіргі басшысы Қайрат Талапұлының ісі-өте құптарлық. Оны баршамыз қолдап, үлкендерден естігендерімізді, көргенімізді жинақтап, ортаға салып, ашық та өркенді қызметтерді жүзеге асырсақ, болашақ алдындағы борышымызды ақтар едік. Еділ – Жайық арасының тұңғиығының шетін түруге көмек жасау әрбір тұрғынның қасиетті парызы болмақ.

Толығырақ «Серпер» газетінің алдағы сандарынан оқи аласыздар

Өмірзақ Қажымғалиев,

жазушы, өлкетанушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521