«EcoBatys» экологиялық жобасының белсенділері марапатталды

(0 Votes)

 Абай атындағы жалпы орта мектепте Республика күні қарсаңында «Шелл Қазақстан» компаниясының «Азаматтық бастамалар қолдау» орталығының қолдауымен жүзеге асып жатқан«EcoBatys» экологиялық жобасында белсенділік танытқан мектептерді марапаттау шарасы өтті.

Жобаның негізгі мақсаты –  экологиялық білім берудің интеграцияланған жүйесін қалыптастыру және оқушылардың қоршаған ортаны ластану мәселелерін шешуде белсенділіктерін арттыру, экологиялық білім беру, эковолонтерлікті дамыту, тұрғындарды экомәдениетке үгіттеу.

e

Мектептің акт залына жоба қатысушыларының  тұрмыстық қалдықтардан дайындаған туындыларынан көрме қойылды. Табиғатқа жанашырлық танытқан оқушылар үй жағдайындағы қалдықтарды өңдеп, кәдеге асырып, керексіз болған дүниеден жаңа нәрсе жасап шығарған. Мектеп директоры Жамал Хасанова, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Елшат Асқар қолөнер туындыларын дайындап әкелген оқушыларға сәттілік тілеп, белсенділік танытқан барлық аудан мектептеріне алғыс хат пен естелік сыйлығын ұсынды. Осы жұмыстарды өз деңгейінде лайықты ұйымдастырып жүрген  «Құрманғазы – туған жер» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Азамат Абдуллаев жобаның маңыздылығы туралы сөз қозғап, оған қатысуға ниет білдірген барша қатысушыларға алғысын айтты. Шараның екінші кезеңі «Қалдықтарға – екінші өмір» тақырыбындағы жоба қорғау жұмысымен жалғасын тапты. Балалар қазіргі таңда өңірімізде экологияны жақсартудағы тың идеяларымен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды.    

e

ekobatys2

ekobatys4_jpg5_jpg6

ekobatys4_jpg5

Айнагүл Шакупова  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT