Еңбектері еленіп, мерейлері асқақтады

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Дүниежүзілік экологтар күніне орай «Таза Қазақстан – таза болашақ» атты салтанатты шара өтті. Шара барысында ауданымыздың тазалығына, экологиясын сақтауға үлес қосып жүрген түрлі сала мамандары мен жеке кәсіпкерлердің еңбектері еленіп, мерейі асқақтады. 

«Тұңғиық гүлінің тербелісі» атты әдемі хореографиялық композициямен ашылған шарада аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов мерекемен құттықтап, аудан әкімінің Алғыс хатымен Берік Әнесов, Жалғас Сағындықов, Нұрлан Жантумаев, Тамара Абатова, Алтынай Қожахаева, Мейрамгүл Әнесова, Болатбек Қажетеров, Асқар Муфтах, Анар Мусина, Серік Баязитовті марапаттады. Іскер әкім Роза Қамзаева басқарған Сафон ауылы  «Үлгілі ауыл» аталымын иеленді.

Аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлжанат Қалиева өкілді органның Алғыс хатымен Болат Абдолов, Айгерім Мұхамбетова, Гүлбағида Қисамеденова, Гүлхат Дюсенбаева, Рәшит Сабитов, Хасиет Хайдарованы ұлықтады.

«Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ерлан Хисметуллин филиалдың Алғыс хаттарын Ақылбек Өтепов, Асқар Түсіпқалиев, Марғұлан Манасов, Жазира Сүндетова, Роберт Сыдыхов, Қобылан Абулхасанов, Алмагүл Молдашоваға табыс етті. Мерекелік шарада аудан өнерпаздары Әлия Мугауова, Раушан Сәрсенова, Болат, Айбар Күнтуаровтар, Ерболат Хайроллаев, Гүлзада Тілегенқызы өнер көрсетті.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT