Еңбекші ауылдық округі бойынша Көктемгі өр суының алдын алу мақсатында окург әкімі Ж. Хамзин мен ТЖБ инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Д. Манатов ауылымызда орналасқан судан қорғау бөгеттеріне зерделеу, бақылау жұмыстарын жүргізді.
Аласарған жерлерін жаңадан салу қажет ететін жерлері нақтыланды. Бөгеттерді қаралған уақытта тұрғындар бөгеттерді көлік мал өткелдері, жыра жасап, үстеріне мал қорасынын қоршауын салған. Тұрғындардың назарына қоршауларыңызды алып, жыра жасаған жерлеріңізді бітеп, бөгет маңайын таза ұстауларыңыз сұралады.