Еңбекші орта мектебінің үш ұстазы Ы.Алтынсарин төсбелгісіне ие болды

(0 Votes)
«Ы. Алтынсарин» төсбелгісі — ұстаздар еңбегінің жоғарғы көрсеткіштері үшін берілетін, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Оқу-ағарту министрлігі бекіткен ең жоғарғы марапат болып табылады.
 
Осындай жоғары деңгейдегі марапаттауға Құрманғазы ауданы Еңбекші Ауылдық Округі Еңбекші орта мектебінен үш бірдей педагог ие болып отыр.
 
Олар : Гүлжүзім Ермекқызы биология пәні мұғалімі, педагог - шебер, Майра Акімбекқызы қазақ тілі, әдебиет пәні мұғалімі, педагог- шебер, Сара Бекетқызы - қазақ тілі, әдебиет пәні мұғалімі, педагог - шебер.
 
Бұл марапат ұстаздардың педагогикалық қызметке қосқан өлшеусіз үлесі мен еліміздің білім жүйесін дамытуға сіңірген еңбегінің айқын дәлелі болып табылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT