Кудряшов ауылдық округіндегі 191 сайлау учаскесіне 789 сайлаушы тіркелген.
Мұнда алғашқы дауыс беруші Әсемгүл Муташова сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. - Бюллетеньді қолыма алып, дауыс берер сәтте ғана мұның қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Туған жерімнің саналы, жауапты азаматы ретінде ауылымның болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Сайлауға қатысу әр азаматтың Отан алдындағы борышы деп білемін, - дейді жас сайлаушы.
А.Шакупова