Ең бірінші елдің амандығы

(0 Votes)

Кешегі өткен кезектен тыс президент сайлауында жарқын болашақ үшін дауысымды бердім. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы бұған сергек қарап, дауыс беру учаскелеріне барып  таңдауларын ерікті түрде жасады деген ойдамын.

Алдағы жеті жылда қазақ елін жетістіктерге жетелейтін басшыны таңдау арқылы кемел келешек пен жарқын болашаққа қадам жасалды.  Мен ел болашағына үлкен сеніммен қараймын. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп, өркендеуін, ондағы тыныштық тербеткен бейбіт өмірді біз және бізден кейінгі ұрпақ көрсе екен деймін.  Сондықтан мен өз таңдауымды қуатты Қазақстанның салтанат құруына таңдау жасадым. Бұл өткен тарихи сайлау Отандастарымыздың өмірлерін жақсартуға жол ашатыны анық.

Ең бірінші елдің амандығы, ауызбіршілігі мен бірлігі маңызды. Ол үшін әр істе де тұрақтылық пен татулық керек.  Сондықтан сайлауда дауыс беруге ел ағасы ретінде өзім бастап келіп, таңдауымды жасадым. Елдің болашағы өзіміздің қолымызда, аға буын мен жастар бірлесе қарекет етсе  біз еңсермейтін биіктік жоқ.

Қадірбай ЖАРМҰХАНБЕТОВ,

Құрманғазы ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521