Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына сәйкес, 2022 жылғы 29 шілдедегі Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы негізінде, 2022 жылдың 28 тамызында өкілеттік мерзімі аяқталған ауылдық округ әкімдерінің орнына алғаш рет халық дауыс беретін ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті.
Өткізілген сайлаудың қорытындысымен, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Еңбекші ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы шешімі негізінде ХАМЗИН ЖАСКАЙРАТ ИДАЯТОВИЧ Еңбекші ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Осыған орай , аудан әкімінің міндетін атқарушы Г.Хасанованың 2022 жылғы 2 қыркүйектегі №269-ө өкімімен Хамзин Жаскайрат Идаятович 2022 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Еңбекші ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
Округі әкімін тағайындау рәсіміне аудан әкімінің міндетін атқарушы Г.Хасанова, аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Булеков, жергілікті қоғамдастық мүшелері, округі әкімі аппаратының қызметкерлері, ардагерлер қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Г.Хасанова жиналғандарды өкіммен, округ әкіміне сайланған Ж.Хамзиннің өмірдеректерімен таныстырып, жас әкімнің алда жауапты қызметіне сәттілік тілей отырып, ауылдың көркеюіне өз үлесін қосатынына сенімін білдірді.
Мемлекеттік қызмет ардагері Х.Ғаббасов, депутат Б.Кенжебаев, т.б. жаңадан сайланған округ әкіміне өз кеңестерін беріп, жас та болса тәжірибелі екенін алға тарта, халықпен бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
-2013-2017ж.ж Еңбекші ауылдық окруіг әкімі аппаратында жетекші маман;
-2017-2018 ж.ж аудан әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы;
-2018 ж мамыр айынан қазан айына дейін Облыстық дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» КММ-нің Діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің маманы;
-2018-19 ж.ж Құрманғазы аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы;
-2019-2022 ж Еңбекші ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман;
2022 жылдың ақпан айынан бастап Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі