Еңбекқор анаға құрмет көрсетілді

(0 Votes)

«К.Ұзағалиева шаруа шаруашылығы» иелігіндегі бақша өнімдерін өсіретін егіс алқабында аудандық аналар кеңесі шаруашылық басшысы Күләнда Ұзағалиеваны және осы ұжым мүшелерін «Еңбек күні» мерекесімен құттықтады.

Иә, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, несібесін жерден терген диқанның еңбегі еш кеткен кезі болған емес. Шаруагердің кәсібін дөңгелетуге жолдасы Уазих Дәулетов те көмектеседі. Биыл да ерте көктемнен тырбанған олардың төккен тері, еткен бейнеті еселеп қайтуда. Аналар кеңесімен бірге Хиуаз ауылдық округі әкімдігінің бас маманы мен Жаңаталап клубының мәдени қызметкерлері егін басындағы шаруашылық жұмысшыларына құрмет көрсетті. «К.Ұзағалиева шаруа шаруашылығы» ауданда 1995 жылы, осыдан 25 жыл бұрын аудан әкімінің шешімімен құрылып, 2001 жылдан бері жирма жылға жуық уақыт бойы егін шаруашылығымен айналысып келеді. Бүгінде егістік басындағы қарбыз, қауын піскен. Ал, асқабақты жинауға әлі ерте екен. Шаруашылықта піскен өнімдерді жинап, аудан орталығына апарып сату жұмыстары қызу жүруде. Егістікті суару, түрлі зиянкестерден қорғау, шөптеу – бұл үнемі науқан аяқталғанша атқарылатын шаралар. Егін алқабында 10 га жерге қарбыз, қауын, асқабақ егілген екен. Шаруашылық иесі Күләнда Ұзағалиева биыл су тапшылығы, ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар қиындықтарға тап болғанын жеткізді. Алайда, оған қарамастан өнім жақсы алынуда.

enbek-kuni

- Қазіргі мақсат – егінді төкпей-шашпай жинап алу. Мемлекет басшысы жуырдағы Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес екенін айтты. Алдағы уақытта осы егіншілікті дамытуға Үкімет тарапынан түрлі субсидиялар жүзеге асқанын қалаймыз, - дейді егін егу ісіне машықтанған еңбекқор Күланда Ұзағалиева

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521