Еңбек майталманына – ескерткіш тақта

(0 Votes)

Еңбекші ауылдық округінде ерекше есте қаларлықтай шара ұйымдастырылды. Халықаралық егде адамдар күніне орайластырылып ауыл орталығындағы Жұмекен ақын атындағы саябақта атақты шопан, қос Ленин және «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Таңат Жұмағалиевтің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды.

Ашылу салтанатында аудан әкімі Қайрат Нұртаев еңбек майталманының өнегелі өмір жолына тоқталып, оған бүгінгі ұрпақтың көрсетіп отырған құрметін атап өтті. Сондай-ақ, бұл күндері мерейлі жасқа толған еңбек ардагерлері Теміртас Елеусіновке, Төреш Махымғалиевке Алғыс хатын табыстады.

ebekshi-marapat

Еңбекші ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғадылхан Қалиев жиналғандарды атаулы күнмен құттықтап, қалыптасқан дәстүрге орай мерейжастарына толған бір топ ардагерлерді құттықтау хат және ескерткіш сыйлықтармен ұлығылады.

ebekshi-marapat-1

Шарада округ әкімі Руслан Тасмұратұлы, ауыл азаматы Қанат Ғаббасов, Таңат ағаның ұрпақтары сөз алды. Ескерткіш тақтаны ашу құрметіне ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Қалиев пен атақты шопанның ұлы Салтанат ие болды.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521