Еңбегімен еленген есепші маман

(0 Votes)

Аудан әкімі аппаратының статист маманы Бимағанова Рыс Құмарбекқызы мерейлі 60 жасқа толды.

Туған күн иесін құттықтау шарасы аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында ұйымдастырылды. Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров еселі еңбегімен үлгілі атанған жанның аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті. Жаңа жасымен құттықтап, аудан әкімі Қайрат Нұртаевтың Алғыс хатын табыс етті.

img_6067

Сондай-ақ, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева тәжірибелі маманға ұжымы атынан жылы лебізін жеткізіп, құттықтау хатын берді. Бөлім басшылары мен өзге де әрістестерінің арнаған жүрекжарды тілегі мен естелік сыйлықтарына Рыс Құмарбекқызы үлкен ризашылығын білдірді.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521