Еңбегі ерен - ел ағасы

(0 Votes)

Аудан әкімі Марат Мурзиев ҚР гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, ҚР-на еңбегі сіңген қызметкер, «Ерен еңбегі үшін» медалі, өзге де мемлекеттік наградалардың иегері Өмірзақ Қажымғалиұлын 80 жасқа толуына орай қабылдады.

Аудан басшысы шараны алғы сөзімен бастап, ел ағасымен жақын таныс болмаса да, сырттай кітаптары арқылы білетінін алға тартты. Мақаш хакімге еліктеп өскен, алып тұлға туралы жазылған кітаптың авторымен кездесу де үлкен бақыт екенін жеткізді. Елге еңбегі сіңген академик жазушының қаламы мұқалмай, шабыты сарқылмай, бастаған кітаптарын қиындықсыз аяқтауын тілек етіп, алғыс хатын табыстап, иғына шапан жапты. Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың, ҚР Жазушылар одағының Төрағасы Ұлықбек Оразбайұлының, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-дың ректоры Саламат Нұрмұханұлының құттықтау хатын ұсынды.

img-20210409-wa0024

Аталған шараға қатысушы бөлім басшылары да мерейтой иесіне жүрекжарды сөздерін арнады. Барша көрсетілген құрметтен соң, Өмірзақ Қажымғалиұлы өлшеусіз жас берген Аллаға мадақ айтып, 30-да орда бұзған аудан әкіміне жылы лебізін білдіріп өзінің бастамасымен жарық көрген болған «Киелі мекен, қасиетті өлке – Құрманғазы» атты энцеклопедияны сыйға тартты.

img-20210409-wa0025

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521