«Еңбегі елге мәлім ұлы тұлға»

(0 Votes)

Ұстаз ұғымы – ұлттың ұстыны мен ұжданы. Тіпті, мұғалімдерді мемлекеттің жүрегі десек те жарасар.

Олай дейтін себебіміз, елдің ертеңі мен еркіндігі саналатын келешек ұл-қыздарға алғаш әріп танытып, адам бойында болатын кісілік қасиетке кілт табатын да осы - ұстаздар.

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде білім беру саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер ұстаздарды марапаттау салтанаты өтті. Оның шымылдығы өңірімізге танымал белгілі әнші Гүлзада Кежешованың орындауында «Ұстазым» әнімен ашылды. Аудандық өнерпаздар Қайрат Сайфуллин, Жазира Сәрсенғалиева алғашқы мерекелік құттықтау сөзді аудан әкімі Қайрат Нұртаевқа ұсынды. Ол кез келген адам үшін ұстаздың орны қашанда ерекше екеніне тоқталып:

– Барлық жетістіктердің бастауында оқу мен тоқуға үйретіп, білімге баулыған ұстаздар тұрады. Сондықтан әр адам ата-анасымен бірге өзін білім нәрімен сусындатқан мұғаліміне де қарыздар. Зейнеткерлік жасқа шықса да әркез айналасындағы адамдарға көмек қолын созуға дайын тұратын, өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісе білетін, дархан жүректі адамгершілігі мол ардагер ұстаздарымыз арамызда баршылық. Олардың ұлағатты жолы, инемен құдық қазғандай бейнетті тірлігі кейінгі жастарға үлгі-өнеге. Еліміздің сан тарау соқпақтарында сан жүздеген шәкірттерін үкілеп қосқан бүгінгі залға жиналған ардагерлерімізді бақыт бақшасының белгілі бағбандары деп бағалаймыз. Қазынасы сарқылуды білмес айтулы ұстаздарымыздың қариялық дәурендері қамсыз, бас байтақтарының бүтін болғанын қалаймыз, - дей келе, Қайрат Талапұлы өзінің алғыс хатымен білім саланың бір топ ардагерлерін ұлығылады.

img_5245

img_5258

Келесі кезекте Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтары облыстық комитетінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлышараға қатысушыларды еңбек, кәсіподақ, ұстаздар күндерімен қызу құтықтап, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратованың атынан жүрекжарды лебізін білдірді.

i

img_5276

Құттықтаулар легін аудандық ардагер ұстаздар кеңесінің төрағасы Нұрлығайын Нұғыманов, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева, ардагер ұстаз Жұмақай Ғұмаров, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтары аудандық комитетінің төрағасы Әуез Ізжанов жалғастырды.

img_5280

img_5283

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521