Әлемдегі барлық мемлекеттердің даму жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлес салмағы ерекше. Еліміз тәуелсіздік алған жылдар аралығында мемлекетті қалыптастыру бағытында ауқымды істер атқарылды.
Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, сондықтан да кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Оның имиджін қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектілерді көздейтіні хақ. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңды басшылыққа ұстана еңбек ету тек қана абырой биігіне қол жеткізерін тілге тиек етсек артық емес.
Ж.М.Алимжанова,
Қиғаш ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы