Дыңғызылдық жастар туған ауылына тарту жасады

(0 Votes)

Дыңғызыл ауылдық округіне қарасты Ғизат Әліпов ауылындағы қарапайым ауыл жастарының ауызбіршілігі мен береке-бірлігінің арқасында өз туған, туып-өскен ауылдарына бір адамдай қаражат жинап, өз күштерімен ауылдың кіре берісіне «Сүйікті ауылым» тақтасын орнатып берді.

Осындай жанашыр жүрегі ауыл деп соғатын азаматтар қатары көп болса нұр үстіне нұр болар еді. Кішкентай ғана ауыл мал шаруашылығымен айналысып, еңбекқор жастар өз шаруаларын дөңгелетіп ауылға деген қамқорлықтарын көрсетіп, мәрттік жасады.

Сонымен қатар, ауданда ұлттық спорттың түрлерін дамытуда Дыңғызыл ауылы жастарының да үлесі зор. Әсіресе ұлттық ат спорт түрлері соңғы жылдары ауылда қайта жаңғырып келеді.

Бәйге ұлттық ойындары жастардың көп қызығушылығын тудыруда. Шағын ауылдың ұйымшыл жастары осылайша, спортты жанына серік етіп, ауылдың сырт келбетінің де көркеюіне үлкен мән беруде.

Айта кетсек, қазіргі кезде шағын ауылдың іші көркейе түсуде, округ әкімі аппараты мен ауыл жастары бірігіп тақтайшаның айналасына заманауи жарық шамдарын орнатып, айналасы сырлануда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT