Дыңғызылда аналар кеңесінің көшпелі отырысы өтті

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық Аналар кеңесі "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" республикалық жобасының "Жақсылыққа жетелейтін жандар" бағыты аясында Дыңғызыл ауылдық клубында "Тегіңді сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле, Ұлтыңды сақтаймын десең-қызыңды тәрбиеле" тақырыбында кеңейтілген көшпелі отырысын өткізді.

Шараға Бөкейхан, Көптоғай, Шортанбай, Дыңғызыл, Қиғаш округтерінің аналар, әкелер кеңестерінің мүшелері, аудандық сот судьясы, аудандық ішкі саясат мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, жұмыспен қамту орталығының басшылары, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық білім, денсаулық, полиция бөлімінің, округ әкімдіктерінің мамандары қатысты.

Ауылдық клубтың фойесінде аналар қолымен жасалған бұйымдар көрмесі тамашаланды.

Отырысқа кеңес төрайымы Балғаным Хасенқызы модераторлық етті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Зияда Сәдуақасқызы кіріспе сөз сөйлеп, кезінде сауыншы, егінші, балықшы болған ардагер аналарды алғыс хаттармен марапаттады.

Дыңғызыл ауылдық округінің әкімі Оралбай Азимов шараға қатысушыларға қош келдіңін айтып, көшпелі мәжіліске сәттілік тіледі.

Кеңес сотырысы бірнеше тақырыптарға сай бөлімдер бойынша өткізілді.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT