Өр суы бастап келiп жатыр. Жылда оның астында қалу қаупi төнетін елдi мекендердің бiрi - Дыңғызыл ауылдық округі.
Округте жалпы ұзындығы 26 шақырым бөгет болса, соның қауіпті тұсы 3800 метрдi құрайды. Округ әкімi Оралбай Азимовпен хабарласып, өр суынан қорғану жұмыстарының жүру барысын бiлдiк.
-Бөгеттердi бекiтуге тапсырыс беруші аудандық құрылыс бөлімі. Оларды көтеру жұмыстарымен "TOLAGAI-2050" ЖШС айналысуда. Бұл жұмыстарға 1 бульдозер, 1 экскаватор, 1 самосовал "Камаз" көлiгi, 1 көтергіш краны бар автокөлік (манипулятор) басқа 10 адам жұмылдырылған,- дейді Оралбай Нұржаубайұлы.
Сонымен қатар су өткелдері де тазартылуда.