Дыңғызылдықтар "Bizbirgemiz" акциясына үн қосты

(0 Votes)

"Nur Otan"партиясы Құрманғазы аудандық филиалының "Дыңғызыл" БПҰ төрағасы, округ әкімі О.Азимовтың бастамасымен, республикалық #BIZBIRGEMIZ акциясы аясында, Дыңғызыл округінде төмендегідей бірнеше игі бастамалар жүзеге асырылды.

- Ауылдық округ әкімі О.Азимов 4 оқушыға интернет желісіне қосылу үшін ұялы телефондарына бірлік салып, қайырымды іске жол ашты.

- Дина Нұрпейісова жалпы орта мектебі ұжымы елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде, жұдырықтай жұмылып, бірлескен жұмыс көрсете білді. Мектеп директоры Б.Бекжанов 2 отбасын, Н.Мұхамбетчиев 3 отбасын, жеке кәсіпкер "ЗЕРЕ" А.Қуаншалиев 4 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, қамкөңіл жандарды риза қылды. Сондай-ақ мектеп ұжымы 43 отбасына 100 масканы тегін таратты және қашықтықтан оқытуда оқушыларды әлеуметтік желіге байланыстыру үшін 18 отбасын тарифтік мегабайтқа қосты.

- Жақсылық жасауға бағытталған игі ісіміздің тағы бір көрінісін - Ж.Нәжімеденов мектебінің директоры Р.Хасантаев 2 оқушының ұялы телефоны бірлік салып, балалар мерейін тасытып, аталған мектеп ұжымы тұрғындарға 60 маска таратуымен көрсетті.

- Жеке кәсіпкерлер де осы қатардан табылды: атап айтсақ, "Гулжан" дүкенінің иесі Тасымова Мария 1 отбасын, "Үш Қоңыр" дүкенінің иесі Каюпов Абай 2 отбасына азық-түлік табыс етті.

- Қайырымды істің жалғасы ретінде Дыңғызыл ауылдық мәдениет үйінің директоры А.Қошабаев бастаған мәдениет үйі ұжымы, тұрғындарды 100 маскамен қамтамыз етті.

d

- Игі ниетті жомарт жандардың бірі, облыстық мәслихат депутаты, Құрманғазы ӨК-нің басқарма төрағасы Сабыржан Сұлтановтың көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі жандарға 300 дана масканы таратуының өзі, өзгелерге үлгі боларлықтай іс.

- Тағы бір айтарлықтай елеулі істердің бірі, бұл Дыңғызыл ауылдық округ әкімі аппараты ұжымының, "Айжан" балабақшасы ұжымының, Жыланды дәрігерлік емханасы ұжымының, Абуевтар отбасының, ауылдың 1989-жылғы туылған жастарының ЖК "Шайхиев" "Ыстық нан" мекемесімен бірлескен түрде, әр жұма сайын тұрғындарды тегін нанмен қамтамасыз етіп отыруы.

- Дыңғызыл округінің ветеринарлық пункт мамандары халықтың көп шоғырланатын (балалар ойыны алаңдары, мектеп, балабақша, жатақхана ғимараттарын) жерлерін дезинфекциялап, өз үлестерін де қосты.

d

Мұның бәрін тілге тиек етіп отыр­ған себебіміз, осы өмірде қан­дай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы – Алла Таға­ланың жәннаты екенін жадымыз­дан шы­ғармай, соған амал ету. Жақсылық­тың қайтарымы көп болады. Кедейліктен қорқып, сараң болмайық. Алла Тағала сауап­қа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін!

Дыңғызыл ауылдық округі әкімдігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521