Дәстүрлі тамыз конференциясы

(0 Votes)

Астанада жыл сайынғы ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясы өтуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысуда.

Ел Президенті елдің ертеңі мұғалімдерге байланысты екенін баса айтты. 

«Ең алдымен, баршаңызға дәстүрлі Тамыз конференциясының ашылуы құтты болсын! Бұл – өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру мәселесіне арналған өте маңызды басқосу. 

Ұстаз – ұлттың шамшырағы. Сіздер күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы ел дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Жас ұрпақтың бойына білім нәрін сеуіп, озық ойлы ұлт тәрбиелеп жүрсіздер. Халқымыздың зияткерлік қуатын арттыруға белсене атсалысып жатсыздар. 

Бүгін мен еліміздегі ұстаздар қауымына шынайы ризашылығымды білдіремін! Шын мәнінде, Мұғалімдер мемлекеттік маңызы бар жұмысты атқарып жатыр. Ыбырай Алтынсарин «Жақсы оқытушыны бәрінен де қымбат көремін» деген. Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздың қоғамдағы орны бәрінен биік болуға тиіс», деді Мемлекет басшысы.

Биылғы жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналады. Кеше конференция аясында панельдік секция өтті. Оған өңірлік білім басқармалары мен әдістемелік орталықтардың өкілдері, арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері қатысты. 

Еділ Баяров,
Құрманғазы аудандық білім бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT