Достық фестивалі

(0 Votes)

Биыл бірегей институт - Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толып отыр.

Кез-келген мемлекет үшін қоғамдық келісімнің маңыздылығы ерекше. Елімізде татулық пен тұрақтылыққа тәуелсізді калғалы баса мән берілді. Биыл бірегей институт - Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толып отыр.

img_0090

 

img_0094

img_0101

img_0103

Осыған орай, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде ҚР Ассамблеясының 25 жылдығы аясында салт-дәстүр мен отбасылық құндылықты насихаттауға бағытталған «Әлди әнге саламын» атты аудандық фестиваль ұйымдастырылды. Оны аудандық аналар кеңесінің мүшесі, ардагер ұстаз Орынша Құмарғалиева екі тілде жүргізді. Шарада еліміздегі түрлі ұлт өкілдері мәдениетінің өркендеуі мен дамуына елеулі үлес қосып келетін Ассамблея жұмысының маңызы, қазақстандық патриотизм, бейбітшілік пен достық насихатталды.Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова фестивальдің мәні мен мақсатына тоқталды.

img_0110

img_0125

img_0112

img_0135

i

Алдымен «Бесік жыры әлдиімен» облыстық әжелер байқауының бас жүлде иегері Жәннат Құрманғалиева көпшіліктің ықыласына бөленсе, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің жас өнерпаздары түрлі аспапта ойнады. Бірлік пен татулық туын биікке көтерген байқауда ұлттық киімдерін киген орыс, қалмақ, неміс, өзбек ұлтының өкілдері Татьяна Горбачева, Антонина Даваева, Виктория Халменова, Жамиля Авазова өз тілдерінде әуендіәндер шырқап, төл әдет-ғұрыптарын көрсетті. Зал толы көрермен мәдениет саласының қызметкерлері Гүлзада Кенжешова, Гүлзада Тілегенқызы, Раушан Сәрсенова, Заря Қуанышқызы, «Наз», «Қарлығаш» би топтарының өнерлеріне тәнті болды.

img_0163

img_0172

img_0187

img_0194

Соңында Атырау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдарымен жұмыс және этносаралық ахуалды талдау бөлімінің басшысы Айымгүл Қосалиева құттықтау сөз сөйлеп, түрлі салада абыройлы еңбек еткен өзге ұлт өкілдерінің ардагерлері мен қызметкерлерін және фестивальде белсенділік танытқан қатысушыларды алғыс хатпен марапаттады.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521