Досаев енді кімдерге кредит берілмейтінін айтты

Рейтинг: 0 / 5

Жыл соңына дейін кірісі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салуды көздейтін шаралар қабылданады.

Жыл соңына дейін кірісі төмен азаматтарға кепілсіз қарыз беруге тыйым салатын шаралар қабылданады. Бұл туралы бүгін ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Досаев халықтың борыш жүктемесінің өсуіне орай жүйелі тәуекелдерді шектеу үшін шілде айында тұтынушылық кредиттердің субъектілерін реттейтін заң қабылданғанын атап өтті.

"Жыл соңына дейін 90 күннен асып кеткен берешегі бар кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша тұрақсыздық сомасын, комиссияны, өзге де төлемдерді есептеуге, кірісі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салуды көздейтін шаралар қабылданады", - деді Досаев үкімет отырысында.

Бұдан бөлек, кепілсіз тұтынушылық қарызды кірісі төмен азаматтарға бермеуге бағытталған реттеу шаралары да қолға алынбақ. Осы жылдың маусымында мемлекет басшысы үкімет пен ұлттық банкке табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салуды тапсырған еді.

Биыл Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 29 698 теңге болды.

Sputnik

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика