Діни бағыттағы заң бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындар арасында құқықтық сана мен сауттылық деңгейін арттыру және құқықтық мәдениет дағдыларын қалыптастыру мақсатында Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығы «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Дәурен Максимұлы Мұхамбеталиев пен «Аудандық жұмыстарды үйлестіру» бөлімінің басшысы Қалыбек Өтегенұлы Құбайдоллаев арнайы 2 күндік іс сапармен ауданымызға келді.
Мешіт жамағаттарымен, полиция қызметкерлерімен кездесулер өткізіп, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453 және 490 баптарына сәйкес діни бағыттағы орын алған құқықбұзушылық салдарынан туындайтын құқықтық жауапкершіліктер, айыппұлдардың мөлшерлері туралы кеңінен түсіндірді. Сауалнамалар жүргізіп, жиынға қатысушыларға арнайы дайындалған флаерлар мен аудиохабарламалар таратты.
Сонымен қатар, халық көп шоғырланатын орындарға (базарлар, дүкендер, жанар-жағармай бекеттері тағы басқалары) жадынамалар мен флаерларды орнатты. «Темірәлі» мешіті мен Көптоғай ауылындағы ғибадат үйінің де тыныс-тіршілігімен танысты.
Жалғасбай Шамбузов,
аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы