Аудандық орталықтандырылған кітапханада Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық түсіндіру тобы мүшелеріне арналған семинар өтті.
Мақсаты – діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің біліктілігін арттыру арқылы өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын сақтауға ықпал ету.
Мамандарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының әдістерін ұғындыра отырып, дін тұрғысында бағыт-бағдар беру. Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Зияда Сәдуақасқызы облыстан келген қонақтармен таныстырып, семинардың жұмысына сәттілік тіледі. «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының директоры Артур Айтмағамбетов келу мақсатымен таныстырып, ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің жұмысын одан әрі жетілдіру бағытындағы өзінің ойларымен бөлісті. Теолог Ринат Қалмазұлы ақпараттық түсіндіру тобы жұмыстарын жүргізудегі діни-теориялық мәселелер төңірегінде сөз қозғады.
Сонымен қатар, бүгінгі күннің өзекті мәселесі жат діни ағымдардан сақтану төңірегінде түсінік жұмысын жүргізіп, АТТ мүшелеріне ислам дініндегі құндылықтар жөнінде пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Атырау облысы Дін істері басқармасының бас маманы Ерлан Ерғалиев «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жөнінде слайд арқылы түсіндірді. Аталған құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда қолданылатын шараларды айта келіп, аудан бойынша қызмет аясында кездескен түрлі жағдаяттарға талдау жасады. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор РҺD докторы Қарас Қазиев «Рефлексия – тұлғаның ішкі өзін-өзі реттеу процесінің әмбебап механизмі» тақырыбы жөнінде әңгіме өрбітті. Сонымен бірге, ақпараттық түсіндіру тобының жұмыстарында орын алған мәселелерге психологиялық тұрғыдан анализ жасап, халықты ақпараттандыруда қолдануға болатын әдістерді атап өтті.
Келесі күні теолог Ринат Қалмазұлы ауданға қарасты кейбір мекемелерде, колледж, мектептерде теологиялық бағытта түсінік жұмыстарын жүргізді.
А.Шакупова