Дін атын жамылған терроризм қатерлі

(0 Votes)

Қазақстан халқы Ассамблеясы Құрманғазы аудандық қоғамдық келісім кеңесінің ұйымдастыруымен «Дін атын жамылған терроризм қатері» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев, аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Боранғалиев, ауандық «Темірәлі» мешітінің бас имамы Еламан Бегелиев, теолог Жасұлан, облыстық дін істері басқармасы жанындағы Ақпараттық талдау орталығы КММ "Дін бірлестігі" бөлімшесінің маманы Қуанышбек Досқалиев, Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Берік Анесов, құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы Марина Имашева, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гүлжайнар Салауатова, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Құрманғазы ауданы бойынша сарапшы Нұрай Кеңес, Ақкөл атындағы жалпы орта мектебінің тәрбие орталығы басшысының орынбасары Райзада Досалиева қатысты.

Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Ақтілек Хамитова баяндама жасап, қазіргі таңда діни радикализм мен экстремизмнен туындайтын терроризм өзінің қатыгездігімен және адамгершілікке жат зұлымдығымен заманауи әлемнің алдында тұрған өткір әрі ғаламдық қауіп-қатерге айналып отырғанына тоқталды. Өкінішке қарай, әлемнің әртүрлі жерлерінде адасқан топтар дінді желеу етіп бейкүнә адамдарды террорлық әрекеттердің құрбанына айналдырып, олардың лайықты өмір сүруіне арналған инфрақұрылымдар мен әлемдік тарихтың мұрасына айналған құнды жәдігерлерді аяусыз қиратуда. Дінді қару қылған экстремистер әлем халықтарының тарихи қалыптасқан дәстүрлі рухани-мәдени және құндылықтық тұғырларына аяусыз балта шабуда. Жалпы алғанда діни өшпенділік пен төзімсіздікті насихаттайтын идеологтардың өз әрекеттері арқылы мәдениеттер мен діндердің, мемлекеттер мен халықтардың арасына өшпенділік салуға ұмтылып отырғаны күмән келтірмейді. Бүгінде, экстремизм мен терроризм әртүрлі идеологиялық және саяси доктриналарда көрініс тауып, діндерді де өз мақсаттарына пайдаланатындығын айта кеткен жөн. Осы және басқа да террористік сипатта бой көрсеткен әрекеттерге тоқталған хабарламашы дін атын жамылған ағымдардың қазіргі күнде аса қауіпті үрдіске айналғанын атап көрсетті.

Хабарлама аяқталғаннан кейін қатысушылардың пікірлері тыңдалып, терроризмге жол бермеу мәселелері талқыланды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT