Әділетті Қазақстанды құруға мүмкіндік

(0 Votes)

Бірнеше жыл қатарынан сайлауы болсын, басқасы болсын әкімшілік-әміршілік жүйенің ықпалымен өтетіндіктен қазір қарапайым халықтың билікке деген сенімі жоғалған.

Шынын айтқанда халық шаршады, отыз жыл бойы дұрыс жолмен келеміз деген сенімі бір-ақ күнде тоқсан градусқа өзгеріп шықса қайтеді енді. Жұмақ мекенді бізге біреу әкеліп бермейді, кеткен қателіктерден сабақ алып оны өз қолымызбен құруымыз қажет. Ел өміріндегі өзгерістерді қолду-қолдамауы өз еркімізде. Адамдардың референдумға қатысына қарап, олардың өзгерісті қалайтыны, жаңаруға, жаңғыруға ұмтылысы байқалады. Ел Президенті жаңа Қазақстанның негізін қалайтын аса маңызды конституциялық рефор¬маны ат төбеліндей аз топтың емес, бүкіл республика халқы өз еріктерін білдіруі арқылы іске асыратынын жеткізді. Бұл – құптарлық іс. Егер халық өзгерістерді қолдаса, біз  Әділетті Қазақстанды құруға мүмкіндік аламыз.

Талап Ғаббасов, ауыл тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT