Әділетті Қазақстан құруға мүмкіндік аламыз

(1 Vote)

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Нұрлыбек Ожаев іс сапармен Құрманғазы ауданында болып, Ақкөл ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.

Жиынға облыстық мәслихаттың депутаты Махсот Абуов пен аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов қатысты. Халық қалаулысы «Жаңа Қазақстан» бағдары, елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік және саяси реформалар, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде өткізілетін республикалық референдум жөнінде түсіндіріп өтті.  – Референдумда 33 бап жаңарып, 56 түзету енгізіледі. 33 баптың 31-і  қолданыстағы баптар, екеуі жаңадан қосылады. Конституцияның 30 пайызы өзгеріп, қазіргі қоғамдағы жүйе өзгереді. Парламент сайлауында аралас мажоритарлық-пропорционалды жүйе енгізіледі. Мәжіліс құрамының 30 пайызы кейін бір мандатты округтер бойынша сайлана алады. Бұл депутаттардың өз сайлаушылары алдындағы жеке жауапкершілігін арттырады. Сайлаушылар үшін сайлау алдындағы уәделерін орындамаған депутатты кері қайтарып алу мүмкіндігі туады. Бұл өзгерістердің бәрі Қазақстанды демократиялық, құқықтық, әділетті, әлеуметтік мемлекет ретінде нығай-туға арналған. Осы бағыттағы жұмыстар Конституцияға өзгерістер енгізумен шектелмейді. Саяси жүйемізді реформалау кезең кезеңімен жалғаса береді. Соның аясында жыл соңына дейін біраз заңдар қабылданады, - дей келе Нұрлыбек Жұмахметұлы адам құқығын қорғау институты құрылатыны, аудан әкімдерін сайлау жүйесі өзгеретіні, конституциялық кеңес конституциялық сотқа ауысатыны жөнінде енгізілетін өзгерістерді атап өтті.

ozhaevpen-kezdesu2

Ақкөлдік тұрғындар ауылдағы тозығы жеткен электр бағандарын ауыстыру, түнгі жарықтандыру, пайдаланылмаған жерлерді мемлекет игілігіне кері қайтару, жыр болған ауылішілік жол, ауыз су мәселесі, азық-түліктің қымбатшылығы жөнінде ортақ проблемалық мәселелерін көтерді.  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT