Заң саласында ұзақ жыл еңбек еткен ардагер ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы құқықтық жүйені цифрландыруға қатысты бастамаларын зор қолдаумен қабылдаймын. Бұрын сот істерін қарау барысында уақыт жоғалту, артық құжатбастылық секілді қиындықтар жиі кездесетін. Жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу әділдікті қамтамасыз етіп, азаматтардың құқығын қорғауға жаңа мүмкіндік береді. Бұл қадам заң үстемдігін күшейтіп, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайта түсетініне сенемін.
Әспенби Жарылғасов,
Заң саласының ардагері