Дезинфекциялау жұмыстары Байда ауылында жалғасты

(0 Votes)

Шекара бойында орналасқан Байда ауылдық округі мен осындағы «Құрманғазы» шекаралық бақылау бөлімшесінде коронавирустың алдын алу мақсатында залалсыздандыру жұмыстары жасалды.

«Камаз» автокөлігінің артындағы үлкен цистернаға дезинфекциялық қоспа құйылып, оны шашқан көлік шекара бекеті ішімен бірнеше рет әрлі-берлі жүріп өтті. Сонда дизқоспа біраз жерді қамтыды. Одан кейін ауыл көшелеріне беттеді. Арнайы дауыс күшейткішпен тұрғындарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан үйлерінен шықпауы керектігі хабарланды. Шекаралық бақылау бөлімшесінде дәрігерлік пост да жұмыс жасап тұр екен. Мұнда арнайы киім киген бір топ медицина қызметкерлері Ресей жақтан келген көліктердің жүргізушілерін тексеруден өткізуде.

b

bajda1

Осы жұмыстың басы-қасында жүрген Байда ауылдық округінің әкімі Жүсіп Төреғалиев: – Бүгін бізге арнайы көлік жіберіп, осындай залаласыздандыру жұмыстарын ұйымдастырып жатқаны үшін аудан әкімі Қайрат Талапұлына ризашылығымды білдіремін. Жиі келіп жағдаймен танысады. Ел қауіпсіздігі осы арадан басталады ғой. Ауданымыздың бізден басқа жерлерінде де мұндай дезинфикциялау жұмыстары жүргізіліп жатырғанынан хабардармыз. Өз тарапымыздан да тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жалғастырудамыз. Ауылдастарыма өте ризамын. Үлкендеріміз бен жастарымыз қандай істе де қолдау көрсетеді. Соның ішінде жастарымыздың ұйымшылдығын ерекше атап өткенді жөн санаймын. Менің қасымда күні-түні жүретін солар. Аз қамтылған, көп балалалы отбасыларын да қамқорлап жатады. Жақында ауылымызда жалғызбасты бір адам өмірден өткенде осы жастар сөзімді жерге тастамай жерлеуінен бастап қаделеріне дейін өздері ұйымдастырды. Дезинфекция жасауды өз дәрежесінде жүргізуге атсалысып жүрген жастарымыздың бірі Сүйінбек Ибраевқа да ризашылығым шексіз. Жетістіктеріміз болса оның бәрі ауыл тұрғындарының ұйымшылдығының арқасы. Көппен бірге жұмылсақ біз бұл қиындықтарды еңсереміз, -дейді.

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521