Депутаттар қатары толықты

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық мәслихатының ХVІІІ сессиясы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Бралиевтің хабарламасымен басталды.

deputattar-atary-tolyty1

- Жетінші шақырылған аудандық мәслихаты депутатының бос мандатына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР-ның Конституциялық заңының 14, 45, 46 және 111-1 бабының 6 тармағына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 9 наурыздағы № 01 қаулысымен Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаты болып, «Nur Otan» партиясының мүшесі Сандуғаш Ғарипуллақызы Қапуова 1976 жылы туған, Қиғаш жалпы орта мектебінің директоры, Құрманғазы ауданы, Жыланды ауылының тұрғыны тіркелді, - деген хабарламашы С.Қапуоваға депутаттық белгі мен куәлігін тапсырды.

Бұдан соң сессия өз күн тәртібіне сай жалғасып, бірінші болып аудан әкімінің орынбасары Г.Хасанованың аудан бойынша мемлекеттік жастар саясатының іске асыру барысы туралы есебі тыңдалды.

deputattar-atary-tolyty2

Екінші кезекте аудан әкімінің орынбасары Н.Қалиев «Аудан тұрғындарының жұмыспен қамтылуының жай-күйі мен оны қамтамасыз ету шаралары және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шаралар ұйымдастыру туралы» хабарлама жасады.

Мақаш ауылдық округінің әкімі Б.Қадыров, Бірлік ауылдық округінің әкімі Г.Абенова өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы баяндады. Сессияда басқа да мәселелер қаралып, шешімі алынды.

 

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT