Депутат тұрмысы төмендердің кредитін өтеп беруге қарсы шықты

(0 Votes)

Депутаттың пікірінше, тұрмысы төмен кей азаматтардың қарызын мемлекет есебінен жабу қалған салық төлеушілерге қосымша салмақ салады.

Әлеуметтік жағдайы төмен қазақстандықтардың кредит қарызын төлеп беру азаматтардың жауапсыздығына әкеледі. Мұндай пікірді депутат Гүлжан Қарағұсова мәжілісте салық салу туралы заңды таныстыру кезінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның пікірінше, тұрмысы төмен кей азаматтардың қарызын мемлекет есебінен жабу қалған салық төлеушілерге қосымша салмақ салады. Депутат өмірінде екі рет кредит алғанын да есіне түсірді, оның бірі – ипотека. Екеуін де мерзімінен бұрын төлеген.

“Азаматтарды салық төлеуге үйрету керек. Мемлекеттік деп аталатын бюджет – біз бен сіздің ақшамыз”, – деді депутат.

Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова 2007 жылдан бері экономикалық дағдарыста келе жатқан АҚШ-та ешкім борышкерлердің кредитін төлеп бермейтінін айтты.

“Өзің алдың ба, өзің төле. Олай болмаған жағдайда кей салық төлеуші мемлекет есебінен емес, сіз бен біздің ақшамызға өмір сүреді. Бұған жол беруге болмайды. Біреу жұмыс істейді әрі салық төлейді, ал басқалар… Кешіріңіз, мен осы елдің азаматы ретінде мұндай саясатпен келісе алмаймын”, – деді депутат.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21