Бұзауслан ауылының дауыс берушілеріне қызмет көрсететін 172 санды сайлау учаскесі “Өркен” балабақшасында орналасқан.
Мұнда 1251 адам сайлаушы ретінде тіркелген. Әдеттегідей дауыс беру Қазақстан Республикасының Әнұраны ойнатылумен басталды. Дауыс зорайтқыштан төгілген қуатты музыка ауылдастарды тәтті ұйқыдан оятып, бүгінгі күннің ең маңызды шарасына шақырғандай әсер қалдырды. Партиялардан, қоғамдық ұйымдардан келген бақылаушылармен бірге үш кандидаттың да сенімді өкілдері дауыс беру барысын, түрлі құқық бұзушылықты жіті қадағалап отыратын болады.