Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруда жетекші рөлге ие, маңызды тетіктердің бірі.
Мемлекеттік қызметшінің моральдық бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінуі оның іскерлігін ғана емес, айналасындағыларға деген құрметі мен ізетін де жетілдіреді. Азаматтармен өзара қарым-қатынаста әркез қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсетуге талпыну керек. Жұмыс және жұмыстан тыс уақытта да мемлекеттік қызметші беделін түсіретін немесе қоғам тарапынан сын тудыратын ситуациялардан өзін алшақ ұстануы, әлеуметтік желіні қолданған кезде интернет желісінің басқа қолданушыларымен әңгімелесуде сыпайылық танытуы тиіс. Себебі, оның білімі мен біліктілігіне және жүріс-тұрысына қарай қазіргі қоғамда халықтың атқарушы билік жайлы көзқарасы мен оған деген сенімі қалыптасатыны да белгілі.
С.Сапарова,
Жаңаталап ауылдық округ әкімі
аппаратының бас маманы