Әдеп кодексінің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің моральдық –адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарлату болып табылады.
Мемлекеттік қызметшінің бет-бейнесі мен этикасына айырықша көңіл бөлу арқылы оның іскерлігімен қатар айналасындағыларға құрметі мен ізетін жетілдіру көзделген. Себебі, олардың білімі мен біліктілігіне және жүріс-тұрысына қарай қазіргі қоғамда халықтың атқарушы билік жайлы көзқарасы қалыптасады.
Дыңғызыл ауылдық округ әкімі аппаратында 5 (бес) мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды. 2020 жылы қызметтік әдеп нормаларының сақталуын бұзу фактілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзу фактілері орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілер әдеп кодексін сақтап, өз құзіреттері шегінде қызметтерін жүзеге асырып келеді. Кезеңімен өткізілетін біліктілігін арттыру және қайта даярлау курс семинарларға қатысып отырады. Ғимаратта Әдеп кодексі көрнекі жерге ілініп, қызметшілерге қатысты сын-ескертпелер мен арыз-шағымдар бойынша «Сенім жәшігі» орнатылған. Іскер мамандар лауазымдық артықшылығын жеке басының пайдасы үшін қолданбай, әркез сабырлы, сыпайы қалыптарын сақтайды. Сол қасиеттері арқылы өзгеге де үлгі болуды басты мақсат тұтады.
Біздің міндет – халыққа қызмет. Еліміздің ертеңі жауапты қызметкерлердің парасат-пайымы, ар-ожданы кәсіби деңгейіне байланысты болғандықтан, әркез әдептіліктен аттамайық, әріптестер!
Гайсина Анар Саясатовна,
Дыңғызыл ауылдық округ әкімінің бас маманы