Әдеппен сөйлеп әдеттен

(1 Vote)

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшінің ұстанатын басты қағидасының бірі – халықпен тіл табыса білу. Ол үшін, әрине, қарым қатынас әдебі бірінші орында тұрады.

Халқымызда «Ұлық болсаң-кішік бол», «Кішілік-кісіліктің белгісі», «Әкім бол халқыңа жақын бол» деген сияқты керемет сөздер бар. Дана халқымыз ел басқару ісіндегі дипломатиялық әрекеттерді де ой елегінен өткізіп, ұрпақ санасына сіңіре білген ғой. Демек, ата-бабадан жалғасқан ұлықтықтың, кеменгерліктің әдебі бүгінгі күнгі мемлекеттік қызметшілердің, біздердің де бойымыздан табылуы басты парызымыз болмақ.

Жалпы, әдеп-қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі. Игі әдеттен әдет-ғұрып қалыптасып, одан әдеп пайда болады. Мінез әдебі, жүріс-тұрыс әдебі, өнер әдебі, іс-әрекет әдебі, шығармашылық әдеп ұлттық тұлғаның ішкі және сыртқы мәдениетін көрсетеді. Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасыда сыпайы бола түседі.

Қай бір биліктің қызметкері болса да, әдеп шеңберінен асып кетпегені абзал. Президенттің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Әдеп кодексіне ерекше мән берген. Қандай жағдай болса да, мемлекеттік қызметкер мәселеге сабырмен қарап, ақылмен келуі тиіс. Шешілмейтін түйін болмайды, тек оған ықылас, ниетпен, елгезектік қасиетпен қарау керек. Сонда ғана мемлекеттік қызметкерге деген халықтың толыққанды сенімі нығаяды, қалыптасады.

Негізі Әдеп кодексінде көрсетілген барлық қағидаларды мемлекеттік қызметшілер орындауы және барлық уақытта бұл ережені естерінен шығармауы керек. Мұнда мемлекеттік қызметшінің не істеуі қажеттілігіне дейін атап көрсетілген. Бұл нақты айтқанда, мемлекеттік қызметте отырған адамның Конституциядан кейінгі басты құжатының бірі болуға тиіс.

Олай болса, бүгінгі әріптестерімді, барша мемлекеттік қызмет өкілдерін Әдеп кодексі қағидаларын қатаң сақтап, қарапайым халықтың өтініш-тілектерін қабылдай білетін, халық үнін еститін өкімет өкілі болуға шақырамын.

 

 

Жахиен Асхад Ғарифуллаұлы,

Сүйіндік ауылдық округ әкімі аппаратының әкім кеңесшісі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521