Департамент басшысы Құрманғазы ауданына келді

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерұлан Серікқалиев, аталмыш департамент басшысының орынбасары Нұрлан Жахин азаматтарға құқықтық көмек көрсету, жемқорлықтың алдын алу, қоғам белсенділерімен сындарлы диалог құру мақсатында ауданымызға іссапармен келіп, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жиын өткізді.

Аудан әкімі Марат Мурзиев күн тәртібімен таныстырып, жиынға аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагерлер, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер қатысып отырғандығын қаперге берді.

28134997-a959-48c3-bb4d-2d1260126dab

Департамент басшысы Ерұлан Рамазанұлы:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселесі бағытында бірқатар оң өзгерістер орын алуда. Биыл ғана жаңа тұжырымдамалар бекітілді. Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл 3 негізгі компоненттен тұрады. Біріншіден, адам жемқор болғысы келмеуі керек. Бұл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім. Жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның санасында оның зұлымдық екенін түсіну керек. Бүгінгі жиынның бір мақсаты сол. Екіншіден, адам жемқор бола алмауы керек. Бұл заңдарда қамтылған сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою. Яғни, жемқорлықсыз мемлекеттік қызметшілерге өздерінің лауазымдық жағдайын жеке мақсатта пайдалануға мүмкіндік беретін нормалар. Олар қазіргі таңда ішкі және сыртқы талдау механизмдерімен жүзеге асырылады. Үшіншіден, адам жемқор болудан қорқуы керек. Бұл – қылмыстық құқықтық шаралар. Ол бағытта да біз белсенді жұмыстарды іске асырып жатырмыз. Осы үш компонент бойынша тиімді жұмыс жүрсе, жемқорлық деңгейі төмендейтіні белгілі. 2023 жылдың 3 қаңтарында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға қол қойды. Сыбайлас жемқорлық туралы заңнаманы жетілдіруге оның ішінде жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізу, құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған мемлекеттік қызметшілердің сондай-ақ оларға теңестірілетін адамдардың шығыстары мен кірістерінің сәйкесін бақылау арқылы негізсіз байыту үшін жауапкершілік енгізілді. Шенеуніктің шығыстары мен кірістеріне сәйкес келмегені үшін декларацияларды салыстыру жүзеге асырылып, қорытындылары бойынша фиксалдық және мансаптық санкциялар қолданылатын болады,- деді департамент басшысы.

4

f6189c77-f901-4a22-b142-a0ec2efc6469

Жиыннан кейін лауазым өкілдері қабылдауға келген азаматтармен жүздесіп, кәсіпкерлердің де толғандырған мәселелеріне құлақ түрді.

 

Айнагүл Шакупова

(Толығырақ «Serper» газетінің келесі санынан оқи аласыздар)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521