Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне сәйкес қызмет атқаруы – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Осы тұрғыда бірқатар жұмыстар атқарылды.
Кеңес беру және түсіндірме жұмысы.
2021 жылдың 12 айында Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының және Құрманғазы ауданы ауылдық округ әкімі аппараттарының, дербес бөлімдердің мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларын және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша ақпараттық және әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 67 түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, 50 мемлекеттік қызметшіге түсінік берілсе, жеке және заңды тұлғаларға – 17 адамға түсінік берілді.
Мемлекеттік қызметшілермен кездесу барысында: мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлемі қандай негізбен есептелетіні және жұмыс уақытынан артық қызмет жасаған жағдайда үстемақы төлеу мәселелері жөнінде және осы аталған кездесулер аясында әдеп кодексінің талаптары, мемлекеттік қызмет заңы жөнінде кеңестер берілді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеу жүйесі бойынша, соның ішінде жеке жұмыс жоспарларының мерзімді, өлшемді, даму бағдарламаларына сәйкес болуын қамтамасыз ету мақсатында ЗУМ арқылы мемлекеттік қызметшілермен 15 семинар өткізілді.
Жеке және заңды тұлғалармен кездесу кезінде: көпшілік сауал мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігі және мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы жауапкершілігі жөнінде түсініктер берілді.
Ақпараттық түсіндірме: Әдеп кодексінің талаптарын сақтау жөніндегі Әдеп жөніндегі жиындар Құрманғазы ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасында жарияланып, «Серпер» газетінде «Мемлекеттік қызметшінің әдебі», «Адал қызмет ету - парызымыз», «Әдепті қызметкер – абыройлы тұлға» тағы да басқа тақырыптарда барлығы 21 мақала жарияланды.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласы: 2021 жылы ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 15126 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Ауылдық округтер мен медициналық мекемелерде «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштары арқылы 7500 қызмет көрсетілді.
Жыл ішінде Техникалық ақаулықтарға байланысты бөлімдермен және жергілікті атқарушы органдарымен 6 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі бұзылған, алайда негізсіз бас тартулар болған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ы Атырау облысы бойынша филиалының Құрманғазы аудандық ХҚКО бөлімшесінде қоғам белсендісі ретінде Жұмалиев Талғат Серікбайұлы және бөлім басшылары (бөлімнің мамандары) 6 рет Құрманғазы ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасында тікелей эфирге шығып, бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және атқарылған жұмыстары жөнінде таныстырып, эфир барысында туындаған сұрақтарға әр сала бойынша жауаптар берді. Негізгі көп жолданған сауалдар: Жұмыссыздық жөнінде, ауыл шаруашылығымен айналысу үшін жайылым жер телімін алу мәселесі және кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүзеге асырылып жатырған бағдарламалар аясында болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың берген тапсырмасы халық үніне құлақ асатын мемлекетті қалыптастыру үшін, аудан әкімдігінің 2-ші ғимаратында «Сервистік әкімдік» қызмет көрсету бөлмесі жұмыс жасауда. Ғимаратта азаматтардың әкімдік тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алуына барлық жағдай жасақталған. Арнайы бекітілген кестеге сәйкес, дербес бөлімдер мен мекемелер аптаның бес күнінде «Ашық әкімдік» ғимаратында қабылдау өткізеді. Қабылдау кестесі қосымша аудандық «Серпер» газетіне және Құрманғазы ауданы әкімдігінің Фейсбук парақшасына жарияланды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында іс – шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес жергілікті басылымдарға мақалалар жарияланып, мемлекеттік қызметкерлер арасында карантиндік талаптарды сақтай отырып спорттық және интеллектуалдық ойындар өткізілді. С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде өткізілген салтанатты шарада жыл ішінде жоғары деңгейде ерекшеленген қызметкерлерге 30 жылдық төсбелгісі және түрлі деңгейдегі алғыс хаттар табысталды.
Қызметтік әдепті талдау
және бақылау
Қызметтік әдеп нормаларын сақтау және ұжымда моральды-психологиялық климаттың жағдайына талдау жүргізу мақсатында тоқсан сайын жүргізілген анонимді сауалнамаға 750 мемлекеттік қызметшілер қатысты.
«Мемлекеттік қызметшілердің телефон әдебінің» талаптарын сақтау бойынша арнайы хатпен барлық мемлекеттік қызметшілер таныстырылып, жасырын қоңырау шалу арқылы талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ұсақ кемшіліктер анықталып, ауызша ескертулер берілді.
Мемлекеттік қызметшілермен заңмен белгіленген шектеулер мен тыйым салуды сақтауды қамтамасыз етуге, оның ішінде мүдделер қақтығысын болдырмау және алдын алуға бағытталған талдау жүргізіліп, кемшіліктер анықталған жоқ.
Құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдау және алдын алу
Басты міндет – мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдер мен жүргізіп отырған саясатына деген сенімді арттыру. Айта кету керек, Әдеп жөніндегі уәкілдін негізгі міндеті – жазалау емес. Уәкілдің қызметі ең алдымен мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алуына бағытталған. Қандай жағдай болсын, мемлекеттік қызметкерлер халықпен сыпайы, салмақты түрде сөйлесуі тиіс. Әдеп жөніндегі уәкіл, жалпы мемлекеттік қызметкерлер – мемлекеттің сенімді өкілдері. Сондықтан да мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері, құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар бойынша консультациялық көмектер көрсетіліп, алдағы уақытта өрескел қателіктерді болдырмау, алдын-алу мақсатында түсінік жұмыстары жүргізілді.
Жыл ішінде мемлекеттік қызметтен өз еркімен босатылған 6 мемлекеттік қызметшіден шығу сұхбаты алынып, шығу себептері зерделенді.
2022 жылдың І тоқсанында
атқарылған жұмыстар
Кеңес беру, түсіндірме жұмысы, сауалнама жүргізу және ақпараттандыру бойынша.
Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларын және Әдеп кодексі талаптарын сақтау бойынша есепті кезеңде Мақаш, Еңбекші, Теңіз ауылдық округінің мемлекеттік қызметшілеріне және ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, ауданның құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі, аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінде болып Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларын және Әдеп кодексі талаптарын сақтау бойынша түсіндірме беру мақсатында дәрістер өткізілді және анонимді сауалнамалар жүргізілді. “ӘЖУ жүргізетін анонимді сауалнама” атты сауалнамаға 110 мемлекеттік қызметші қатысты. Аудандағы мемлекеттік қызметшілер штат бойынша 179, бос орын 20. Жалпы анонимді сауалнамалардың қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейі қанағаттанарлық деңгейде, ұжымда моральдық-психологиялық ахуал қалыпты жағдайда екендігін аңғаруға болады. Елімізде карантиндік талаптар түгелдей алынған жағдайда, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасу мақсатында оқу-семинарлары ұйымдастырылса деген ұсыныстар болды. ӘЖУ-дің бастамасымен өздерінің қызметкерлері арасында ашық диалог жүргізу мақсатында Шортанбай, Көптоғай, Дыңғызыл, Асан, Ақкөл ауылдық округтерінде “галстуксыз кездесу” өткізілді. Барлық кездесулер Құрманғазы ауданы әкімдігінің Фейсбук парақшасында жарияланды.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және көтермелеу бойынша 2022 жылдың І тоқсанында аудан әкімдігі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясының Атырау облысы бойынша филиалы арқылы 8 мемлекеттік қызметші біліктілік арттыру курсынан өтті.
Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлерді көтермелеу мақсатында жыл басынан бері Атырау облысы әкімінің алғыс хатымен 5 мемлекеттік қызметші және аудан әкімінің алғыс хатымен 12 қызметкер марапатталды.
2022 жылдың 22 ақпанында Президент Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа редакцияда қабылданғанын білеміз. Осыған сәйкес кодекстің жаңа редакциясында мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің негізгі тұтынушысы саналатын халықтың талабына барынша икемді, жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болуы және өз жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Құрманғазы ауданындағы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі талаптарын орындауына бақылауды күшейте түсу мақсатында Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген міндеттердің талап деңгейінде орындалуы бойынша жүргізілуге тиісті жұмыстар 2022 жылға арналған жоспар негізінде жыл бойына жүзеге асатын болады.
Қайрат БӨЛЕКОВ,
аудан әкімі аппаратының басшысы,
Әдеп жөніндегі уәкіл