Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі соларға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, олар билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуы тиіс.
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау жөнінде қойылатын негізгі талаптар көзделеді.
Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшінің мінез құлқына, қызметтік міндетіне, мемлекет пен оның азаматтарының өзара қарым қатынасына сенімді өкіл болып табылатын мемлекетке, өзі «қызмет ететін» қоғамға қатысты моральдық талапты білдіретін неғұрлым жинақты принциптер мен нормаларды білдіреді. Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады.
Мемлекеттік қызметкерге жалпы қабылданған әдепті сақтау өте маңызды, себебі ол тікелей адаммен жұмыс жасайды және әр түрлі адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы қызмет атқарады.Сондықтан мемлекеттік қызметкердің сыртқы бейнесі, киім-киісі, қимыл-әрекеті, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы да адамға нұқсан келтірмейтіндей қызмет ету керек. Осы аталғандардың барлығын сақтау үшін этикеттің принциптерін ұстану керек.
Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі жоғарыда аталған мемлекеттік қызметкерге қойылған талаптарды жұмыс барысында жүктелген міндеттердің өз деңгейінде орындалуы бойынша жүргізілуге тиісті жұмыстарды атқарылып келеді және алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Қ.Имашев,
Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы