ӘДЕП КОДЕКСІН САҚТАУ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

(0 Votes)

Мемлекеттік қызмет – абройлы міндет. Мемлекеттік қызмет жолын тандаған азамат әрбір ісіне аса зор жауапкершілікпен қарағаны жөн. Сәл нәрседен мүлт кетсе, ол оған айықпас сын болары анық.

Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде де тиімді жұмыстар атқарылуда. «Әдеп Кодексіне » байланысты және Әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалғандығына сай қажетті ақпараттармен бірге арнайы тақта жасақталған, көрнекі жерге ілінген.

Мемлекеттік қызметтің өзіндік ерекешелігі мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбетіне ерекше талап қояды. Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс, ал қоғам мемлекеттік қызметшіні өз күш-жігерін, білімін және атқарып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірибесін сала отырып, құмарлықпен және адал өз Отанына – Қазақстан Республикасына қызмет ететіндігіне сенуі қажет.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті, олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлік, ұстамдылық пен жауаптылық  талаптарына сай болуы  тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтамауы сыбайлас жемқорлыққа, әртүрлі құқық бұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа жағдай туғызады, сондай-ақ тәртіптік шара колдануға алып келеді. Мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын мінсіз сақтау қызметтегі бағалауды және ілгерілеуде оң әсерін тигізетіндігін еске  саламын.

 Гумарова Гаухар Социаловна

 Орлы ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521