Әдеп кодексін сақтау – міндет

(0 Votes)

Аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Қ.Булеков Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру жөнінде кеңес өткізді. Оған дербес бөлім басшылары, БАҚ өкілдері офллайн, ауылдық округтердегі мемлекеттік қызметшілер Zoom форматында қатысты.            

Мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдеп нормаларын сақтау және тәртіп бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету бойынша жан-жақты айтып өткен аудан әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат Қуандықұлы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларына сәйкес олар тәртіпті бұлжытпай сақтауға, қызметтік міндеттерін адал, сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға, киiм киюдiң iскерлiк стилiн ұстануға, сонымен қатар, телефонмен сөйлесу, бір-бірімен сыпайы сәлемдесуге және дөрекiлiк, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiту, жөнсiздiк фактiлерiне жол бермеуі сияқты қызметтiк этика нормаларын бұзу фактiлерiн болдырмауға міндетті екендіктерін ескертті.

Жалпы айтқанда, Әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын-алуға бағытталған. Мемлекеттік қызметшінің моральдық бет-бейнесі мен әдебіне айрықша көңіл бөлінуінің астарында оның іскерлігі ғана емес, сонымен қатар, айналасындағыларға құрметі мен ізеті де сараланады.

Мемлекеттік қызметші халықтың, елдің алдындағы тұлға болғандықтан, оның әрбір айтқан сөзі мен іс-қимылын халық жіті бақылап отырады, үнемі көңіл таразысынан өткізеді. Ел үшін жан аянбай жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші қашанда елге сыйлы, басшылыққа қадірлі.

 

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT