Әдеп кодексі-әдептілік негізі

(0 Votes)
фото: aikyn.kz

Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі жаңа редакцияда бекітілді.

Әдеп кодексі мемлекеттік қызметкерлердің менталитетін жаңаша қалыптастыруға зор үлес қосары сөзсіз. Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі рөлі, мемлекеттік қызметшілердің ұстанымдары мен қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылу қажеттігі айшықталған. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрыс ережелері қызметтік әдеп стандарттарында көрініс тапқан.

Атап айтқанда, қоғамдық кеңістіктегі мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен және әріптестерімен қызметтік қарым-қатынастағы, қызметтен тыс уақыттағы қызметтік әде¬бінің стандарттары. Мәселен, мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуға, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға міндетті. Сонымен бірге, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік танытуы, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуі, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмауы тиіс.

Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастықты орнатуға және оны нығайтуға ықпал етеді. Осыған сәйкес, Әдеп кодексінің мәтіні округ ғимаратының кіреберісінде көпшілік назары түсетіндей жерде орнатылған.

Еңбекші ауылдық округ әкімі аппараты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521