Президент Жолдауында медицинаға жасанды интеллектті енгізу мәселесі көтерілгеніне қуандым. Бұл – науқастарға дер кезінде дұрыс диагноз қоюға, емдеудің тиімділігін арттыруға, шалғайдағы ауыл тұрғындарына қашықтан медициналық қызмет көрсетуге жол ашады. Әлемде заманауи технологиясыз медицина дамымайды, сондықтан Қазақстанның бұл бағытта қадам жасауы – халық денсаулығын сақтауға қосқан үлкен үлес. Денсаулық сақтау саласында цифрлық шешімдердің артуы – әрбір азаматтың өмір сапасына тікелей әсер ететіні сөзсіз.
Қуандық Сәрсембаев,
Құрманғазы аудандық ауруханасының фельдшері
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						

