Әдеби мұрасы әлемді дүрліктіруде

(0 Votes)

Көзі тірісінде өз оқырманын тауып, шығармалары көптің көкейіндегісін дөп басқан классик жазушы, дарынды драматург, жерлесіміз Рахымжан Отарбаевтың «Шыңғыс ханның көз жасы» және «Бас» атты екі кітабы орыс тіліне аударылды.

Оның тұсаукесер рәсімі Ресейдің «Журналистер үйі» ғимаратында дүркіреп өтті. Бұл романдар «Художественная литература» баспасының бас редакторы Георгий Пряхиннің аудармасымен орыс тілінде жарық көрді.

Рахымжан Отарбаев ХХІ ғасырдың басында ар мен ұят, ынсап пен иман үшін күрескен қаламгер. Бұған кітаптың таныстырылымында сөз алған Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің «Қазақ оқырманын мойындатты, өзінің әлемдік оқырманын тапты. Орыс тіліне сан мәрте аударылып танылды, қытай тілінде кітабы қайта-қайта жарық көріп, 1,5 миллиард халыққа есімі белгілі болды.

Шығармалары Еуропа тілдеріне тәржімаланып, әлемді өзінің өткір де сыршыл қаламымен баурап үлгерді. Ол өзінің нағыз кемеліне келген шағында арамыздан ерте кетіп қалды», – дегені дәлел. Олай болса, тектілердің топырағынан түлеген Рахымжан ағаның аты да, әдеби мол мұрасы да ешқашан өлмейді.

Ұлан Иманғалиев,

С.Имашев атындағыжалпы орта мектебінің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521