Дебатта – аналар мен әкелер

(0 Votes)

Абай атындағы жалпы орта мектебі «Ғибрат» дебат клубының жоспарына сәйкес аналар кеңесі арасында дебат өткізілді.

Мақсаты – бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас, бала тәрбиесі мен болашағына бағыт-бағдар берудегі ата-ананың міндеті туралы ой қозғау. Дебатты «Ғибрат» клубының жетекшісі Мейрамгүл Жандыбаева ашып, американдық парламенттік формат ережесімен таныстырды, сұрақтарға жауап берді.

«Болашақ» фракциясының спикерлері Сабила Сабирова, Орынша Қабдолқақова «Үкімет»  позициясында, «Дарын» фракциясының спикерлері Гүлфара Құлбаева, Венера Сұлтанбекова «Оппозиция» позициясында қарарға сәйкесті ой қозғап, өмірдің кейбір түйткілдеріне тоқталды. Аналар арасында өткізілген дебаттық кездесу қызықты өтті.

debat1

Соңында мектеп директоры Жамал Хасанова ойын көрсеткен аналарға рахмет айтып, алғыс хатпен марапаттады.

Осындай дебаттық кездесу әкелер арасында да ұйымдастырылды. Мақсаты – отбасындағы әке жауапкершілігі мен міндетін айқындауда әкелер көзқарасын қалыптастыру. «Бірлік» фракциясының спикерлері Қайыржан Сидәлиев, Нұрхат Бралин «Үкімет»  позициясында, «Ынтымақ» фракциясының спикерлері Сүтжан Қажиев, Еркебұлан Темірәлиев «Оппозиция» позициясында өз қарарларын қорғай отырып, керемет ойын көрсетті.

parlament

Жолдастық кездесу соңында мектеп директоры Жамал Әдебиетқызы ойын көрсеткен әкелерге рахмет айтып, алғыс хатын ұсынды.

 

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT