№180 референдум учаскесі Хиуаз ауылында орналасқан. 2129 сайлаушысы бар. Мұнда да қатысушылар деңгейі жоғары.
Комиссия төрағасы Ерболат Құбаевтан іргелес жатқан ауылдардан дауыс берушілер қалай қатысып отырғанын сұрадық.
– Біздің учаскемізге Хиуаз ауылымен қоса Шағырлы, Күйген, Тазарал, Племстанса, Ақтөбе шағын ауылдарының тұрғындары қарайды. Екі орта біраз жер. Бәрінің бірдей өз көлігімен келуге жағдайы тартпайды. Сол себепті оларға референдум күні көлікпен тасымалданатыны алдын ала ескертілді. Аталған ауыл тұрғындарын тасуға арнайы автобус бөлінді. Сайлаушыларды жинап алып келіп, кері жеткізіп тастады. Қазір 800-дің үстінде сайлаушы өз таңдауын жасады. Әлі де келіп жатыр, – дейді бізбен әңгімесінде.