Құрманғазы ауылдық округі бойынша «Мерей» балабақшасында орналасқан №171 сайлау учаскесіне қарайтын Манаев, Нәжімеденов, Айтасов, Сужиков көшелерінен 67 үйге дауыс беру жәшіктері апарылды.
Оларда өздігінен келіп дауыс бере алмайтын үлкендер, ауру адамдар мен қасында бағып-күтіп отырған тұрғындар бар. Жалпы сайлау комиссиясы бойынша 870 адам учаскеге келіп дауыс берген.