Президент сайлауы - уақыт талабы

(0 Votes)

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы күні.

Таңғы 7-де Құрманғазы ауылдық округіндегі Абай орта мектебінің бірінші қабатында орналасқан №170 сайлау учаскесінің (1418 сайлаушы бар) салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Көк туымыз көтеріліп, Әнұранымыз орындалғаннан кейін, учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Балағазы Иманғалиев сәттілік тілеп, комиссия мүшелері орындарына жайғасты. Бұл еліміздің әрбір азаматы үшін басқалардан ерекше күн. Себебі, біз бүгін Президентімізді сайлаймыз! Сол себепті өз таңдауын жасауға асыққандар жерге әлі жарық түсе қоймаса да ертемен келіп дауыс беруге кірісті. Алғашқы болып аудандық прокуратурада жұмыс жасайтын Талап Зиябеков дауыс берді. «Бүгін бір баратын жерім бар еді. Сол себепті ертерек келіп дауыс беріп жатырмын. Бұл бәріміз үшін маңызды сәт қой. Өз таңдауымды жасадым», дейді Т.Зиябеков.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT