Дауыл кезіндегі әрекеттер

(2 Votes)

Дауылды ескертулерде желдің екпіні 15-20 м/с, кейібр кезде 30 м/с жетуі мүмкін, осындай жағдайларда құтқарушылар әр түрлі елді мекендерде қауіпсіздік техникасы бойынша негізгі ережелерді ұстануды ұсынады.

Дауылдың зардабын азайту үшін керек болатын заттары бар шабаданды жинап қойыңыздар. Тығылатын жерлерді жертөле, жерқойманы анықтап алыңыздар. Теректер үйге құламас үшін ағаштардың кеуіп кеткен бұтақтарын арамен кесіп тастаңыздар.

Дауыл туралы хабарды алғаннан кейін терезелерді, есіктерді және желдеткіш люктерді жауып қойыңыздар. Егер дауыл кезінде далада болсаңыз, жақын маңдағы жайларға немесе жерасты өтпе жолдарға кіріңіздер. Тас үйінділердің ішінен баспана іздемеңіздер. Дауылмен қатар найзағай болуы мүмкін, сондықтан, ағаштардың астына тығылмаңыздар, электр желілерінің жанына жоламаңыздар!

А.Әлібекқызы,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT