Дарындыларды даралайтын білім додасы

(1 Vote)

Құрманғазы аграрлық-техникалық колледжінде «Мың бала» республикалық олимпиадасының екінші кезеңі өтті. Пандемиялық жағдайға байланысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің келісімі негізінде олимпиада оффлайн режимінде сапалы ұйымдастырылды.

Жалпы білім додасы Тұңғыш Президент қорының бастамасымен «Ел үміті» жол картасы аясында оздырылды. Олимпиада шартына сәйкес, аудан бойынша 465 оқушының арасында бірінші кезеңнен сүрінбей өткен 5-ші және 6-шы сыныптан 25 оқушы қатысты. Бақ сынаушылардың бірі Ә.Сәрсенбаев атындағы ЖОМ-ның 5 сынып оқушысы Тұрар Закирды сөзге тартқанымызда, ол жоғары көрсеткішпен арманына қол жеткізу үшін аталмыш сынаққа асқан тиянақтылықпен дайындалғанын жеткізді. Олимпиада қорытындысына сәйкес үздік нәтиже көрсеткендер республикамыздың дарынды балаларға мамандандырылған мектептерінде оқуларын жалғастыра алады.

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521